Ақтөбе мен Нұр-Сұлтан арасына жаңа рейс шықты
Флай Арыстан Нұр-Сұлтан мен Ақтөбе арасына әуе қатынасын ашты. Ақтөбе халықаралық әуежайы бүгін жаңа рейс бойынша алғашқы жолаушыларды салтанатпен қарсы алды. Лоукостер ұшақтары енді Ақтөбе мен ел астанасы арасына аптасына төрт рет ұшады. Сейсенбі, Бейсенбі, Жұма және жексенбі күндері. Билет құны 7 999 теңгеден басталады. Кешкі рейстердің ұшу ұзақтығы 2 сағаттан кем. Рейстерді 180 орындық Айрбус А 320 әуе кемесі орындайды. Лоукостер әуе флотында осындай 4 авиалайнер бар. Олардың орташа жасы 6,5 жыл. Жыл соңына дейін Флай Арыстан әуе паркі 10 ұшаққа толықтырылады. Сол уақытта компания күн сайынғы рейстер санын 70-ке дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Биыл екінші жарты жылдықта Ақтөбеде Флай Арыстанның жаңа базасы ашылады. Онда ұшқыш, бортсеріктер, инженерлер, өзге қызметшілерді қосқанда барлығы 120 адам жұмысқа алынбақ.Количество показов: 970
Дата создания: 28.02.2020 19:04:41



















