Ақтөбе мектеп оқушылары өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды
Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда өтіп жатқан ғылыми байқауға, өңірдің барлық аудандарынан 800-ден астам оқушы қатыстып жатыр .Жас зерттеушілер өз еңбектерін 4 бағыт, 16 секция бойынша қорғауда .Қатысушылардың 659 ғылыми жобасы сараланып, үздіктер анықталды. Жас ғалымдар жасанды интеллект, экология, туризм және әлеуметтік сала бойынша өз зерттеулерін таныстырды. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен сертификаттар табысталып , республикалық жолдама табысталатын болады .Биылғы ғылыми жоба конкурсына 659 жоба ұсынылған. Қатысушылардың арасында ауыл мектептерінен келген 160 оқушы бар.Жас зерттеушілердің еңбектері түрлі бағыттарды қамтиды — жасанды интеллект, экология, экономика, техника және туризм салалары бойынша жаңашыл идеялар ұсынылған.
Байқау ашық көрме форматында өтуде. Оқушылардың жұмыстарын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамы бағалайды.Әрбір жоба әділ сараланып, үздіктер анықталады. Ережеге сәйкес, қатысушылардың 45 пайызы дипломдармен марапатталып, барлық оқушыға сертификат табысталады.Мұндай байқаулар — оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға зор мүмкіндік береді.
Ғылыми жоба қорғау барысында жас дарындар тек теориялық білімін ғана емес, өз ойларын дәлелдеп, көпшілік алдында еркін сөйлеу қабілетін де шыңдайды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар өңірдің зияткерлік әлеуетін арттырып, болашақ ғалымдар мен зерттеушілердің қалыптасуына ықпал етеді.Екі күнге созылатын дода қорытындысында үздік деп танылған жобалар республикалық кезеңге жолдама алып, Ақтөбе облысының намысын қорғайтын болады.
Количество показов: 16
Дата создания: 11.11.2025 13:07:32



















