Ақтөбе Мөңке би Тілеуұлының 350 жылдығын атап өтпек
Мөңке бидің 350 жылдығына арналған іс шаралар мен ақын Қуандық Шаңғытбаевтың 100 жылдығына арналған әдеби кеш республикалық деңгейде ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұнды іс-шаралар жалғасын табатын болады. "Алтын Орда" ауданында 700 орындық облыстық драма театрдың құрылысы басталмақ. Бірнеше жылдан бері жоспарланған театр ғимараты заманауи сахна, көрермен залы, репетициялық және грим бөлмелерімен жабдықталатын болады.Биыл Темір ауданын Шұбарқұдық ауылдық клубы ,Хромтау ауданындағы Қызылсу ауылындағы клуб, басқа да төрт елді мекендегі мәдени ошақтардың ғимаратына күрделі жөндеу жұүргізіеді. 5 мәдени нысанның құрылысына қаржы бөлініпті. Шалқар мен Темір аудандарында 150 орындық клуб салу жоспарланып отыр. "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасымен тағы да 7 мәдени нысан жөндеуден өтіп, пайдалануға беріледі . Облыс аумағында республикалық маңызы бар 9 ескерткіш және жергілікті маңызы бар 863 ескерткіш мемлекеттік тізімге енгізілген. Ғұн дәуірі ескерткіштерін зерттеу жобасы бойынша Әйтеке би және Қобда аудандарында археологиялық жұмыстар жүргізілуде. Мұғалжар мен Алға аудандарында тарихи ескерткіштерді зерттеу үшін маусымдық далалық зерттеулер жалғасын табуда. Халықаралық деңгейдегі мәдени жетістіктер де бар. Польшада өткен "Хайнувка 2025" халықаралық хор байқауында Қазақ камералық хоры 2-ші орын иеленді.
Количество показов: 21
Дата создания: 24.07.2025 10:29:54