"Ақтөбе" командасы балалар құрамасымен матч өткізді
Матч басталар алдында аниматорлар оларға балмұздақтар, сыйлықтар таратып, түрлі ойындар ойнатты. Ал балаларды қорғау күніне құрылған жаңа команда футболдан Қазақстанның 5 дүркін чемпионы "Ақтөбе" құрамасымен кездесуге тас түйін дайындықпен келген. Жолдастық матчқа 50 бала мен жасөспірім шақырылған. Олар облыстағы футбол орталықтарының тәрбиеленушілері, "Жайсаң" мектеп-интернатының тәрбиеленушілері және мүмкіндігі шектеулі балалар. Халықаралық дәрежедегі маңызды матчтар өтіп жүрген жасыл алаңға шыққандарына ұлдар дән риза. Ал сүйікті ойыншыларын жақыннан көргенде қуаныштарында шек болмады. Мұндай матчты елде алғаш рет "Ақтөбе" футбол командасы ұйымдастырды. Бүгінгі кездесу 3-2 есебімен аяқталды. "Ақтөбе балалары" құрамасы жеңіске жетті. Әлем бойынша балалар құрамаларына бұған дейін есе жіберген командалар Испанияның "Реал Мадриді", Англияның "Ливерпулі", украиналық "Шахтер" командасы.
Количество показов: 1704
Дата создания: 01.06.2017 18:45:33