Ақтөбе гарнизонында 150-ден астам сарбаз Жауынгерлік тумен қоштасты
№30238 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өтеген жас жігіттер запасқа шығарылды. Салтанатты рәсім барысында әскери қызметшілерді бөлім командирі, подполковник Сапаралы Қазақбаев құттықтады. Шараға әскери бөлімнің қызметкерлері, ардагерлер мен жауынгерлердің ата-аналары қатысты. Жауынгерлік тумен қоштасқандардың бірі - қатардағы жауынгер Әбу Таир. Ол өз командирлерә мен қызметтестеріне қолдау көрсетіп, мол тәжірибе жинауға мүмкіндік бергендері үшін ризашылығын білдірді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жауынгерлік дайындықта жоғары нәтиже көрсеткен әскери қызметшілер үшін алда мүмкіндік көп. Солардың бірі - жоғары оқу орындарына түсу үшін білім беру гранттарына үміткер болу. Іріктеу кезінде тәртіп, кәсіби дайындық, психологиялық тұрақтылық және тапсырмаларды орындау сапасы ескеріледі, дейді министрлік.Количество показов: 17
Дата создания: 08.04.2026 06:23:51



















