Ақтөбе — ауа сапасы нашар қалалардың бірі
Өңіріміз Қазақстандағы экологиялық мәселесі көп өңірлердің бірі. Экологиялық мәселелерді шешу үшін 2024-2026 жылдарға арналған арнайы жол картасы құрылды. Бүгінге дейін экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау мақсатында департамент 17 тексеру жүргізген. Жол картасы аясында 44 іс-шара көзделген. Ол шараларға қаладағы жаңа тазарту кешенінің құрылысы, ірі кәсіпорындардың өндірістік шығарындыларын бақылау үшін эмиссияларды автоматтандырылған мониторингтеу жүйесін орнату кіреді. Бүгінде шараның 10-ы орындалып, жыл соңына дейін тағы 18-і жүзеге асырылады. Сонымен қатар рұқсат етілмеген қоқыс полигондары бойынша да бірқатар жұмыстар жүргізілді. Ғарыштық мониторинг нәтижесінде биыл облыста 38 рұқсат етілмеген қоқыс полигоны анықталды. Өңірде ғарыштық зондтау қыркүйекке дейін ңске асырылады. Экология департаменті мен қаланың табиғатты қорғау полициясы бірлесіп, тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізуде. Аталған фактілер бойынша жергілікті атқарушы органдарға дала қоқыстарын жою бойынша шаралар қабылдау туралы хаттар жолданды.Количество показов: 14
Дата создания: 10.07.2025 07:33:37