Ақтөбе қар құрсауында қалды
Ақтөбе қар құрсауында қалды. Шаһарда соңғы күндері қар қалың жауып, жаяу жүргіншілер мен көлік жолдары ақ ұлпаға толды. Қала аумағындағы автожолдар 18 учаскіге бөлінген. 13 мердіген ұйым жолдарды тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда қар күреуге 357 арнайы техника жұмылдырылды деп хабарлайды қалалық ТҮКШ бөлімі. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп, жалпы көлемі 7 миллион шаршы метрді құрайтын қала жолдарын тазалауда. Тұрғындардың айтуынша, қар кедергі келтіріп жатқан жоқ. Орталық көшелерді ақ ұлпадан арылту жұмыстары уақытылы атқарып жатыр дейді ақтөбеліктер. Коммуналдық қызметтер қала жолдарын тазалау жұмыстарын күшейтілген режимде жалғастырып жатыр. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдымен негізгі бағыттарға басымдық беріледі. Қар тазалау жұмыстары кезең-кезеңімен барлық көшелерді қамтитын болады.Количество показов: 7
Дата создания: 30.12.2025 07:40:36



















