Ақтөбе - Қандыағаш тас жолында көліктердің орташа жылдамдығы бақылауға алынады
10 шілдеден бастап Ақтөбе - Қандыағаш тас жолының учаскесінде көліктердің орташа жылдамдығын автоматты түрде бақылау жүйесі іске қосылады. Жүйе көлік құралының екі бақылау нүктесі арасындағы жол жүру уақытын есептеу арқылы орташа жылдамдықты анықтайды. Белгіленген жылдамдық шегі асқан жағдайда ақпарат заңнамаға сәйкес тиісті уәкілетті органдарға автоматты түрде жолданады. Мамандардың алаңдауына негіз жоқ емес. Автокөлік жүргізушілерінің жылдамдықты шамадан тыс арттыруының салдарынан көлік апаттары жиілеген. Жыл басынан бері Ақтөбе -Қандыағаш республикалық маңызы бар автожолда 24 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 13 адам мерт болды. Орташа жылдамдықты бақылау жүйесі көліктің камера алдындағы бір сәттік жылдамдығын емес, бақылаудағы бүкіл жол учаскесінде белгіленген жылдамдық режимінің сақталуын бағалайды. Бұл жүргізушілердің камералардың арасында жылдамдықты арттырып, кейін баяулатуына жол бермейді, дейді мамандар.Количество показов: 10
Дата создания: 10.07.2026 08:06:35



















