А.Пушкин атындағы саябақ қашан жөнделеді?
Пушкин саябағының тарихы 1887-1890 жылдары басталады. Бүгінде саябақтағы аттракциондар істен шыққан.Әйтсе де, сүйікті жеріне келіп, жанына сая іздейтіндер қатары әлі көп. Өйткені, парк жасыл желекке бай. Жасы да, кәрісі де осында. Александр Пушкин атындағы саябақтың мәселесі 10 жылдан бері көтеріліп жүр. Қаланың ескі бөлігінде тұратын халықтың бала-шағасын апаратын бұдан басқа жері жоқ.Қарттарға да мұндай демалыс орны керек. Әбден тозығы жеткен паркті жергілікті билік жөндейміз деп былтыр да уәде еткен. Алайда бұл орын қаз қалпында. Саябаққа кіреберісте кәсіпкерлер балмұздақ, фастфуд сатып тұр.Пушкин атындағы саябақта абаттандыру жұмыстары қашан жүргізілетіні беймәлім. Жергілікті билік өкілдері жөндеуге биыл кірісеміз деп, жылдың басында уәде берген болатын. Жазға да аяқ бастық. Алайда, бұл жерде құрылыс жұмыстарының иісі де шықпайды.Количество показов: 34
Дата создания: 31.05.2025 07:06:23