Ақбөкендердің санын реттеу жұмыстарын «Охотзоопром» кәсіпорны қызметкерлері жүзеге асырады
Әйтеке би ауданында егістік алқапты ала жаздай өз күштерімен қорып келген шаруалар енді арнайы топтың қызметіне жүгініп отырған көрінеді. Олар егістік алқапқа келетін мыңдаған бас киікті ен далаға қуып апарады. Бірақ бір тәулік өтпей қара-құрым жануар егістік алқапқа қайтып келіп жатыр. Облыстық "орман шаруашылығы және жануарлар әлемі" аумақтық инспекциясының бас маманы Александр Книжник егістік алқапты таптап кетіп жатқан киіктің биылғы төлі деп отыр.Облыс аумағына келіп кетіп жүрген киік табыны көршілес Атырау облысындағы далалық жануарлар көрінеді. Жалпы облысты 78 мың бас Үстірт киігі мен 1 млн 600 мың бетбақ даланың ақ бөкендері мекендеп жүр. Олар кей маусымда өзге өңірлерге көшіп отырады. Дегенмен, киелі жануарларды бақылайтын мамандар киік саны соңғы екі-үш жылда еселеп өсіп отырғанын айтады.
Облыста киік ату шаралары әлі қолға алынғанбаған. Парламент қабырғасында Мәжіліс депутаттары Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабекке Батыс Қазақстан облысындағы шаруалардың базынасын жеткізген болатын. Батыс Қазақстан облысындағы шаруа қожалықтарымен кездесуінде халық қалаулылары бірнеше жылдан бері БҚО-ның оңтүстік аудандарындағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерде киік шамадан тыс көбейіп, нәтижесінде қожалықтарға тиесілі шабындық пен жайылымдарды таптап, шаруаларды шығынға батырып жатқанын алға тартқан еді.
Количество показов: 17
Дата создания: 22.07.2025 06:39:28