Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі санитарлық жағдайында қазір өзгеріс бар екені көрінеді
Қала тазалығы мәселесі қаншалықты шешімін тауып келеді? Осыны білу үшін Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі санитарлық жағдайды көріп, тұрғындармен тілдестік. Көпшілігі бұрынғыға қарағанда өзгеріс бар екенін айтады. Дегенмен қала тазалығына тұрғындар орташа деген баға берді. Айтуларынша, қоқыстың пайда болуына кей жағдайда тұрғындардың өздері себеп болады.Бұл - ағайынды Жұбановтар көшесіндегі бүгінгі көрініс. Аула маңдары мен қоғамдық орындардағы қоқыс тазартылған. Санитарлық жағдай да қалыпты. Тазалық жұмыстарының нәтижесін тұрғындардың өздері де байқап отыр. Олардың айтуынша, бұрынғы жағдаймен салыстырғанда өзгеріс бар. Дегенмен қала тазалығына әзірге жоғары баға беруге ерте дейді. Тұрғындардың пікірінше, тазалық тек коммуналдық қызметтердің жұмысына байланысты емес. Қоқыстың шашылуына кей жағдайда тұрғындардың өздері де себеп болады. Жалпы, бұл көшеде санитарлық жағдай жақсы. Қоқыс уақытылы тазартылған. Ал қаланың таза болуы үшін тұрғындар мен жауапты қызметтердің бірлескен жұмысы қажет.
Количество показов: 11
Дата создания: 01.09.2026 09:13:52



















