№9 таратушы қосалқы станциясы қайта жөндеуден өтті
Рысқұлов көшесіндегі №9 таратушы қосалқы станция 8 шағын ауданындағы тұтынушыларды, білім беру мекемелері мен емхана, жеке кәсіпкерлік дүкендерді электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Жалпы саны 419 заңды тұтынушы мен 3 881 абонентке жарық береді. Жуырда №9 таратушы қосалқы станциясы толықтай қайта жөндеуден өтті. Реконструкцияға 2 ай уақыт кеткен. Бұрынғы жабдық 1977 жылдан бері жұмыс істеп тұрды. Жоба құны - 305 миллион 256 мың теңгені құрайды. Бұл инвестициялық бағдарлама мен жөндеу жұмыстарының нәтижесі электр энергияның сапасы мен көрсетіштерін жақсартып, ысыраптың азаюына, апаттық-қалпына келтірдің қысқаруына алып келетінін атап өтті жауаптылар. "Энергосистема" серіктестігі облыстың 276 446 тұтынушысын электр жүйесімен қамтамасыз етеді. Компанияның балансында 14 292 шақырым электр беру желілері бар. Электр қуатына тариф соңғы рет биыл сәуірде өзгерді.Количество показов: 31
Дата создания: 27.09.2025 08:31:38