75 жылдық тарихы бар үй күрделі жөнделеді
Екі қабатты баспана 1943 жылы пайдалануға берілген. Бүгінге дейін күрделі жөндеу көрмепті. 24-шілде мұнда жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер мекеме мемлекеттік бағдарлама бойынша баспананың төбесін ашып-жауып, үйдің сыртын қайта сырлап шығады. Подъездің іші күрделі жөнделеді. Баспананың сыртқы түсін тұрғындар өздері таңдаған. Ескі ғимараттың архитектуралық келбеті өзгермейді. Тек ақ бояумен қайта жаңартылады. Мердігер мекеме жөндеу жұмыстарын қазанның басында толық аяқтауды жоспарлап отыр. Мемлекеттен баспананы жөндеуге 14 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұл қаржы тұрғындарға 15 жылға бөлінеді. Тұрғын үйде 18 пәтер бар. Тұрғындардың дені - зейнеткерлер мен соғыс ардагерлері.
Количество показов: 1237
Дата создания: 08.08.2017 18:52:47