600-ден астам тұтынушының мәселесі шешілді
Облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы жұмыс қорытындысын жариялады. Биыл өңірде барлығы 1363 өтініш қаралған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 41 пайызға көп. Олардың 54 пайызы тұтынушылардың пайдасына шешіліп, 77 миллион теңгеден астам қаражат тұрғындарға қайтарылған. Ең жиі тіркелетін мәселелер - сапасыз немесе жарамдылық мерзімі өткен тауарды сату, тауарды қайтарудан бас тарту, онлайн саудадағы ақшаны қайтару қиындықтары мен қызметтердің уақытында орындалмауы. Жыл басынан бері тұтынушылардың құқығын бұзған 150-ден астам кәсіпкерлік нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, департамент мамандары 43 сот отырысына үшінші тарап ретінде қатысып, тұтынушыларға 36 миллион теңгеден астам қаржыны қайтаруға ықпал еткен. Мамандар азаматтарға өз құқықтарын қорғауда белсенді болуға және шағымдарды eotinish.kz порталы арқылы жолдауға кеңес береді. Сала мамандары тұтынушылар мәдениетін арттыру және құқықтық сауаттылықты күшейту бағытындағы жұмыстарды жалғастыра бермек. Өйткені заңды білетін және белсенді тұтынушы — әділ нарықтың кепілі.Количество показов: 14
Дата создания: 16.10.2025 07:49:27