60 жуық жолаушы қауіпсіз жерге эвакуацияланды
Әйтеке би ауданында республикалық маңызы бар автожолда жол көлік оқиғасы тіркелді. Рейстік автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан автобуста 60-қа жуық жолаушы қауіпсіз жерге эвакуацияланды. ТЖД хабаралауынша, оқиға орнына барлық жедел қызметтер жұмылдырылып, жолаушыларға тиісті көмек көрсетілген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автобуста Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары болған.Әйтеке би ауданында республикалық маңызы бар автожолда "Мәскеу-Шымкент" бағытымен қатынаған рейстік автобус пен жүк көлігі соқтығысты. Оқиға кезінде қоғамдық көлікте Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары болған. Жол апатынан кейін төтенше жағдайлар қызметінің күштері жедел түрде іске қосылып, автобуста болған 60-қа жуық жолаушы қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Оқиға орнына полиция және жедел жәрдем, ТЖД қызметтері тартылды. Құтқарушылар жолаушыларды Қарабұтақ ауылындағы "Маяк" кемпингіне жеткізіп, оларға тиісті көмек берілген. Оқиға барысында зардап шеккендер тіркелмеген.
Количество показов: 12
Дата создания: 31.12.2025 09:27:50



















