6-маусым Құрбан айт мейрамы басталады
Мұсылманның ұлық мерекесі Құрбан айт биыл 6-шы тамызға түсіп тұр. Үш күн айтта ізгі істер жасалып, барша мұсылман сауапты молынан жинап қалуға тырысады. Сондықтан діни ұстаздар мал сатушы мұсылман да діни ұстанымдарды ұмытпаған дұрыс дейді. Құрбан айтты пайдаланып, мал бағасын қымбаттатып жіберу күнә. 6-шы маусым күні құрбан айттың алғашқы күні таңғы сағат 6.30 да жергілікті мешіттерде айт намазы оқылады. Мыңдаған адамның басы қосылатын ұлық мереке. Айт намазынан кейін ғана құрбандыққа мал шалына бастайды. Қалада арнайы мал соятын төрт бірдей орын дайындалған. Бұл жерлерде санитарлық талаптар сақталып, мал шариғат бойынша сойылады. Ал "Нұр Ғасыр" мешітінің алдында ұлттық ойындар сайысы өтеді.Құрбандыққа қой, ешкі мен сиыр және түйе ғана союға болады. Мәселен бір сиырды жеті адам бірігіп союға рұқсат бар. Бірақ құрбандық шалуға қаражат салғандардың ниеті түзу болуы керек. Құрбандыққа шалынатын малдың таңдалуының да өзіндік ережесі бар.Құрбан айтта сауапты амалдардың барлығы да жасалғаны абзал. Бұл күндері мұқтаждарға көмектесу шарт. Киім мен тамақ немесе ақшалай садақа беруге болады. Құрбандыққа шалған еттің бір бөлігі де мұқтаж жандарға таратылады.
Количество показов: 59
Дата создания: 31.05.2025 07:04:18