5000 теңгелік ескі және жаңа банкноттардың қатар айналысы бүгін аяқталады
5000 теңгелік ескі және жаңа банкноттардың қатар айналысы бүгін аяқталады. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлайды. Ал, ертеңнен бастап 2011 жылы шыққан ескі 5 мың теңгелік купюра ақша төлем құралы ретінде жүрмейді. Оларды үш жыл ішінде барлық банк пен "Қазпоштада" айырбастауға болады. Ал, Ұлттық банк филиалдары ескі банкноттарды мерзімсіз қабылдайды. Бұдан бөлек, 2000 теңгелік купюра- 2026 жылдың 24 маусымына дейін, 10 000 теңгелік - 2026 жылдың 27 маусымына дейін, ал 1000 теңгелік - 2027 жылдың 27 наурызына дейін айналымда қалады. Сондай-ақ, биылғы жылдың соңына қарай жаңа 500 теңгелік банкноттар, ал келесі жылы 20 000 теңгелік купюралар айналымға шығады. Ұлттық банк өкілдері банкноттардың жаңа үлгілерін енгізу – ұлттық валютаның қорғаныш деңгейін күшейтуге және жалған ақша айналымының алдын алуға бағытталған дейді. Сонымен қатар, қолданыстағы дизайнды жаңарту арқылы заманауи қауіпсіздік элементтері енгізіледі. Сарапшылар ескі ақшаны уақтылы айырбастау арқылы тұрғындар қаржылық тәуекелден қорғана алатынын атап өтті. Ал жаңа банкноттар ел экономикасындағы қолма-қол айналымды жеңілдетіп, халықтың сенімін нығайтады деп күтілуде.Количество показов: 34
Дата создания: 25.09.2025 07:28:09