500-дей экобелсенді қала аумағын қоқыстан тазартты
Бүгін қаламызда 500 жастың басын қосқан "Jasyl Cross-2026" экологиялық плоггингі өтіп жатыр. Мұнда қатысушылар белгіленген бағыт бойынша жүгіріп қана қоймай, жол бойындағы қоқысты жинайды. Осылайша спорт пен экологияны ұштастырған жастар табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Акцияға еріктілер мен жастар ұйымдарының мүшелері қатысты. Қатысушылардың айтуынша, мұндай акциялар қоршаған ортаны тазартумен қатар, қоғамның экологиялық санасын қалыптастыруға да ықпал етеді. Соңғы жылдары өңірде экологиялық акциялардың саны артып келеді. Мамандар мұндай бастамалар тұрғындардың табиғатты қорғау мәселесіне бейжай қарамайтынын көрсетеді дейді.
Ұйымдастырушылар болса "Jasyl Cross" жобасын алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отыр. Табиғаттың тазалығы әр адамның күнделікті мәдениетінен басталатынын жастар түсінуі керек,- дейді олар. Табиғатты таза ұстау бір күндік акциямен шектелмейтін міндет. Экобелсенділер әр тұрғынды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, туған жердің тазалығына үлес қосуға шақырады.
Количество показов: 13
Дата создания: 13.06.2026 06:53:00
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 году и является одной из старейших прогр... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы байырғы хабарлардың бірі. Эфирге 1997 жылд... Подробнее >>