50 жастан асқандар да жұмысқа орналаса алады
Орта жастан асқан жұмыссыз азаматтардың қазір екі қолға бір күрек табуы қиын. Дегенмен, 50 жастан асқан ақтөбеліктер де жұмысқа орналаса алады. Өңірде халықты жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бар. Әсіресе, зейнеталды жастағы азаматтарды қамтуды көздейтін бастамаларға сұраныс жоғары. Бұл туралы облыс әкімінің баспасыөз қызметі мәлімдеді. Солардың бірі - "Күміс жас" жобасы. 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтарға қолдауға бағытталған. Жобаға қатысушылар зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін тұрақты жұмысқа орналаса алады. Еңбекақылары мемлекет тарапынан субсидияланады. "Күміс жас" жобасына қатысу мерзімі - 3 жылдан аспайды. Ал бағдарлама аяқталған соң, жұмыс беруші қатысушыны кемінде 1 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылдауы тиіс. Мамандардың айтуынша, мұндай жобалар тек уақытша қолдау ғана емес, сонымен қатар еңбекке деген ынтаны арттырып, жаңа мамандықтарды игеруге мүмкіндік береді. Сондықтан тұрғындар жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысуға шақырылады. Ал толық ақпаратты тұрғылықты жеріңіздегі Мансап орталықтарынан алуға болады.Количество показов: 11
Дата создания: 19.09.2025 08:03:32