50 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған
Автокөлік жүргізушілерінің қатысуымен жолда түрлі жол апаттары болып жатады. Жол ережесін бұзу, бағдаршамды елемеу, жаяу жүргіншілерді қағып кету сынды бұзушылықтардың арты адам өліміне дейін апарып жатыр. Осындай оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында облыс жолдарында "Қауіпсіз жол" акциясы өткізіліп тұрады. 17-23 қараша аралығында жүргізушілер арасында жол-көлік тәртібін арттыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Жеті күн ішінде жол қозғалысы саласында 2400-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Соның ішінде 50 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды. 33 қарсы жолаққа шығу дерегі, 106 жүргізуші - жаяу жүргіншілерге жол бермеген, 120 ақтөбелік - жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған және жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен көлік басқарумен 1 дерек тіркелді. Мысалы, патрульдік полиция қызметкерлері Әбілқайыр хан даңғылында Toyota Camry автокөлігін тоқтатып, 37 жастағы жүргізушінің есірткілік масан күйінде болғаны және бұрын көлік басқару құқығынан айырылғаны анықтады. Автокөлік шаһардың коммуналдық айыптұрағына қойылды. Жүргізуші ұсталып, қалалық ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жыл басынан бері облыс аумағында 1 774 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 108 адам қаза тапты, 2 563 адам жарақат алған.Количество показов: 2
Дата создания: 26.11.2025 08:43:16



















