50-ден астам ақтөбелік әскерге аттанды
Ақтөбелік сарбаздар елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауға аттанды. 56 жас жігіт Отан алдындағы борыштарын ҚР Қарулы Күштерінің №25744 әскери бөлімі Ақтау қаласындағы теңіз жаяу әскерінде өтейді. Жігіттерді ата-аналары мен туыстары, достары шығарып салды. Болашақ Отан қорғаушыларға облыс басшылығы сәттілік тілеп, ата-аналары ақ баталарын берді. Салтанатты рәсім соңында әскери оркестр патриоттық әуендер орындап, жас сарбаздар жиналғандарға қошеметпен қол бұлғап жолға шықты. Бұл - елге деген адалдық пен ерлікке бастар алғашқы қадам. Жігіттердің жүзінен толқу мен мақтаныш сезімі қатар байқалды. Көпшілігі бала кезден армандаған әскери борышын өтеуге ниетті. Қолына көк байрақ ұстап, туған жерінен сапар шеккен жас сарбаздар – ел тыныштығы мен бейбіт өмірдің кепілі.Количество показов: 28
Дата создания: 08.10.2025 09:39:41