5 жасар бала жүк көлігінің астына түсіп, мерт болды
5 жасар бала жүк көлігінің астына түсіп, мерт болды. Оқиға кеше Мәскеу ауданында орын алған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 40 жастағы "КАМАЗ" жүргізушісі М. Жұмабаев көшесімен Мехколонна көшесі бағытында келе жатып, белгіленбеген жерде жолды кесіп өтпек болған баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 жасар бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Атап өтейік, жыл басынан бері облыс жолдарында 357 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апаттарынан 492 адам зардап шегіп, 63 адам қаза тапты. Облыстық полиция департаментіндегілер, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 32,8 пайызға төмендегенін айтады. Количество показов: 767
Дата создания: 18.09.2020 20:40:06



















