48 адам АИТВ жұқтырған
Аймақта соңғы 10 айда 48 адам АИТВ инфекциясын жұқтырған. Оның 47-сі - Қазақстан азаматы, біреуі- шетелдік. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай аз көрсеткіш, дейді дәрігерлер. АИТВ жұқпасы қорғалмаған жыныстық қатынас, ортақ ине қолдану немесе қан арқылы жұғады. Ауруды ерте анықтау арқылы адамның ұзақ әрі сапалы өмір сүруіне мүмкіндік бар. Мамандар АИТВ пен СПИД ұғымдарының айырмашылығын да түсіндіреді. АИТВ — адамның иммундық жүйесін зақымдайтын вирус болса, СПИД — осы дерттің ең соңғы, асқынған кезеңі. Инфекцияны ерте анықтау оның асқынуының алдын алады. Бүгінде заманауи ем-дом түрлері вирустың ағзадағы белсенділігін төмендетіп, адамның өмір сапасын төмендетпей ұстауға мүмкіндік береді. Мамандар АИТВ жұқтырған адамдарға қоғамда теріс көзқарас қалыптастырмау керек екенін айтады. Себебі бұл — әлеуметтік айып емес, медициналық мәселе. Ал ең бастысы — аурудың алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау.Количество показов: 17
Дата создания: 01.11.2025 02:14:04



















