Бүгін "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының 25-ші есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияда партияның бастамашыл жобаларының жүзеге асырылуы жөнінде есеп беріліп, облыстық филиал Саяси кеңесінің және бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы бекітілді. Конференцияға партия хатшысы Илья Тереченко және 235 партия делегаты қатысты. Партия жобаларын жүзеге асыруға оның аудандық филиалдарының мүшелері белсенді түрде қатысып жатыр. Елбасы жолдауын түсіндіріп жүр. Ойыл ауданында 1314 партия мүшесі бар. Бүгінгі жиынға Ойыл аудандық филиалының 34-ші есеп беру конференциясында сайланған 8 делегат қатысты. Аудандық мәслихат хатшысы Берік Бисекеновтің айтуынша ауданда біршама жұмыс атқарылған.
Бүгін ерен еңбектерімен танылған мекемелер мен тұлғалар марапатталды. Ойыл аудандық ауруханасы "Үздік бастауыш партия ұйымы" байқауының жеңімпазы атанды. Қазір облыстағы "нұр отандықтардың" саны 44 000 адам. Есептік кезеңде партия қатарына 7000-нан астам адам қабылданған.
Количество показов: 1245
Дата создания: 01.11.2018 18:41:48
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>