40 жыл жарық көрмеген көше
Мәскеу тұрғын алабындағы Вогонная көшесінің атауы соңғы жылдары бір емес, үш рет ауыстырылған. Алдымен Айгөлек, енді Байғазы деген атау беріліпті. Шағын көше тұрғындары бүгін наразылықтарын білдірді. Көше атауы өзгергеннен түк пайда жоқ дейді. Сол қаржыға көшемізге асфальт төсеп, жарық шамдарын орнатып берсе деп налиды. Қағаз жүзінде "әй-әй" болғанымен Айгөлек көшесінен әдеміліктің жұғыны да байқалмайды. Ондаған отбасы мүшелері жыл сайын күз бен көкөтемде тобықтан балшық кешіп, қыста қарға батады. 40 жылға жуық уақыттан бері қараңғы көшеде өмір сүріп келе жатқан тұрғындар бүгін наздарын білдірді. Қарапайым асфальт төсеп берсе дейді. Соңғы жылдары әкімдіктен болған қайыр - бірнеше үйінді қиыршық тастар ғана. Олар төгілген орында сол күйі жатыр. Тұрғындар үйлерінің алдына үйілген қиыршық тастарды төсеуге техника таппай отыр. Керісінше, әкімдік шағын көшенің атауын өзгертуге шеберлік танытыпты. Соңғы жылдары Вагонная көшесінің атауы үш рет өзгертілген. Алдымен Айгөлек. Енді Байғазы деген атау беріпті. Тұрғындар атаудың өзгергенінен еш пайда жоқ дейді. Расымен де "қосылғыштың орны ауысқанымен, қосындының мәні өзгермейді!" Ал, қалалық әкімдік көшені абаттандыру мәселесіне қатысты пікір білдірді. Биыл барлық жол жұмыстары қыс басталысымен аяқталған. Баспасөз хатшысының сөзінше, көктемде келесі жылға жөндеу жоспарына енетін көшелер тізімі жасалады. Сол кезде қаржыландыру көлемі де анықталатын болады. Ал, Айгөлек көшесі бұл тізімге енгізіле ме — әзірге белгісіз. Шешім көктемде белгілі болады.Количество показов: 9
Дата создания: 12.12.2025 08:12:38



















