Ақтөбелік 40 отбасы бүгін баспаналы болды. Пәтер кілттерін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тапсырды. 5 қабатты үй Батыс-2 ауданында орналасқан. Құрылысын жеке кооператив жүргізген. Ауласы қоршалып, асфальтталған, бейнекамерамен бақыланады. Көлік тұрағы, балалар алаңы дайын тұр. Мұнда 40 пәтер бар. Көбін тұрғындар өз қаражатына сатып алған. Жеті пәтер тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы несиеге берілді. Пәтерлер екі, үш және төрт бөлмелі. Аумағы 79 шаршы метрден 130 шаршы метрге дейін. Бір тұрғын пәтерді "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктен несие рәсімдеп алған. Ол Қазақстан бойынша осы мүмкіндікті пайдаланған оныншы адам. Ақтөбеде - бірінші.
Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, облыста тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Былтыр 610 мың шаршы метр үй пайдалануға берілген. 5 мың отбасы қоныс тойын тойлады. Биыл бұл меже 650 мың шаршы метрден асады деп жоспарланған. Тағы бес мың жанұя баспанаға қол жеткізеді деген сөз.
Количество показов: 1278
Дата создания: 29.08.2017 19:16:02
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>