35 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
Облыс аумағы 30 миллион 63 мыңға жуық гектарды алып жатыр. Соның 27 миллион гектарға жуығы ауыл шаруашылық алқаптары. Ал 173 мың 475 адам жерді пайдаланушы және меншік иесі. Осы жерді пайдаланушылар үстінен бақылау жүргізуші мекеме басшысы бүгін "Ақтөбе-Ақпарат" орталығында баспасөз мәслихатын өткізіп, статистикалық мәліметтерді жария етті. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдаланбау деректері де анықталған. 33 құқық бұзушыға жағдайды реттеп, мәселені жоюға нұсқама берілген. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 35 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған. Коммерциялық мақсаттағы жерлерді пайдаланып отырған 65 субъект тексерілген. Алға ауданындағы "Полис мұнай құрылыс" серіктестігі 0,25 гектар алаңдағы 1 және қаладағы "Автопарк" ЖШС -і 2 жер учаскесін қайтарып берген. Қалған 11 субъект бойынша сот шешімі әлі шықпаған. Кәсіпкерлер жерлерді алғанымен ұзақ уақыт пайдаланбаған немесе мақсатсыз пайдаланған.
Количество показов: 1661
Дата создания: 05.07.2017 18:48:18