3378 асық жинаған ақтөбелік Гиннесс рекордтар кітабына енуге ниетті
«Қой асығы демеңіз, қолға жақса сақа тұт, жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға тұт». Ақтөбелік Ерболат Қуанышов 13 жыл бойы асықтан коллекция жинаған тұрғын. Коллекционердің қоржынында 3378 асық бар. Ол үшін сарайын шеберханаға айналдырып, шағын көрме жасақтап қойыпты. Асықтарды көргісі келетін адам саны да көп екен. Шеберхана құдды бір мұражайма дерсіз? Мұнда қойдың асығы, топай асықтан бастап, түрлі жіліктен жасалған шежіре жинағы, қабырға мен омыртқа, жауырын мен мүйізден жасаған аспалы шам кез-келгенді қызықтырады. Тіпті, 2017 жылы ЕХРО көрмесіне қатысу туралы ұсыныс алыпты. Ол кезде асық саны аз болып, ойым іске аспады, дейді кәсіпкер.Кәсіпкер бүгінгі күні ауқымды жобаны қолға алыпты. Ең үлкен асық мүсінін жасауды бастаған, биіктігі 1,5 метр, ұзындығы 2 метр болмақ. Коллекционердің арманы - Гиннесс рекордын жаңарту. Қазір құжат жинауға кіріскен. 13 жыл жинаған еңбегін осылай ақтағысы келеді.
Количество показов: 25
Дата создания: 16.04.2025 12:02:17