№31 мектептің жерін қорғап қалған белсендінің есімі ұлықталды
№31 мектепте бүгін Мырзалы Қасқырбайұлына арналған ескерткіш тақта ашылды. Бұл осы мектеп ғимаратының қайта салынуына үлес қосқан адам. Шараға Құрмыш ауданының тұрғындары, мектеп ұжымы және марқұмның туған-туыстары қатысты. Екі мыңыншы жылдардың басында Жамбыл көшесінде орналасқан қазіргі №31-мектептің құлағалы тұрған ескі ғимараты жарамсыз деп танылған. Оқушылар Жангелдин көшесіндегі автомектеп мекемесіне көшіріліп, сонда оқыды. Ал, Құрмыш ауданының тұрғындары жаңа білім ордасының іргетасы қаланып, қабырғасы тұрғызылғанын асыға күтті. Мырзалы Қасқырбайұлының белсенділігі мен қайтпас қайсар мінезінің арқасында 2010-жылдың желтоқсанында Жамбыл көшесінде жаңа мектеп ашылды. Қазір мұнда 1300 бала білім алады. Мырзалы Қасқырбайұлының үш немересі осы мектепте оқиды.
Өлсе де, артына өшпес із қалдырған азаматты Құрмыш ауданының тұрғындары мақтан тұтады. Ал, мектеп ұжымы мұражайда Мырзалы Қасқырбайұлына арналған естелік бұрышын жасақтамақ. №31 мектепте оқитын әр бала бүгінгі күннің батырын білуі тиіс.
Количество показов: 1265
Дата создания: 21.08.2017 18:39:44
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>