300-ден астам ауыл оқушысы бүгін IQanat Олимпиадасына қатысты
IQanat - ауыл балаларының әлеуетін ашуға көмектесетін қазақстандық кәсіпкерлердің жобасы болып табылады. Жобамен IQanat түлектерінің 94%-ы Қазақстан мен шетелдің жетекші жоғары оқу орындарына грантпен оқуға түсіп, бүгінде әлемнің көптеген елдерінде білім алуда. Жобаның 2-ші кезеңіне Ақтөбеден 300-ден астам оқушы қатысып жатыр. Бұл кезең - жай ғана тестілеу емес, елеулі зияткерлік сын. Міндетті бағыттардан бөлек, қатысушылар ағылшын тілінен және бір профильдік пәннен емтихан тапсырады. Таңдау пәндері: математика, физика, биология, химия, Қазақстан тарихы немесе география пәндерін таңдайды. II турдың нәтижесінде 1000 финалист анықталып, олар финалда Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатында тегін оқуға және үш жылдық білім беру қолдауы, оған ҰБТ мен халықаралық емтихандарға дайындық, тереңдетілген ағылшын тілі, IT-дағдылар, soft skills дамыту және кәсіпкерлік негіздерін тегін үйренуге мүмкіндік алады. Айта кетейік, биыл IQanat Олимпиадасы еліміз бойынша 50 000-нан астам ауыл оқушысын қамтыды. Ал II турға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 000-нан аса ең мықты қатысушы жолдама алды.Количество показов: 17
Дата создания: 28.03.2026 07:26:58



















