27 мамырдан бастап қасиетті Құрбан айт мерекесі тойланады
Мұсылмандар қауымы асыға күткен қасиетті Құрбан айт мерекесі басталады. 27-29 мамыр Үш күнге созылатын ұлық мейрам қарсаңында қалада құрбан шалуға арналған арнайы орындар бекітілді. Бұл туралы орталық мешітте өткен басқосуда қалалық имам мәлімдеді. Құрбан айт мұсылман қауымы үшін мейірім мен қайырымдылықтың, татулық пен ізгіліктің мерекесі. Осы күндері мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп, ағайын-туыс пен көрші-қолаңның арасы жақындай түседі. Шарада қазақ халқының құрбан айт мерекесіне байланысты ырым-тиымдар мәселесі де көтерілді. Биыл құрбандық шалу рәсімі санитарлық талаптарға сай арнайы белгіленген орындарда ғана жүргізіледі. Қалалық имам тұрғындарды тазалықты сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және діни рәсімдерді шариғат талаптарына сай орындауға шақырды. Сондай-ақ, мамандар Құрбан айт кезінде малды көпшілік жүретін орындарда союға, қалдықтарды бейберекет тастауға және рұқсат етілмеген жерлерде сауда жасауға тыйым салынатынын ескертті. Қасиетті мереке биыл да кең көлемде аталып өтпек. Ал жауаптылар тұрғындарды қауіпсіздік пен тазалық талаптарын сақтауға шақырады.Количество показов: 20
Дата создания: 27.05.2026 07:04:12



















