25 тамыздан бастап алимент төлемдерін аудару тәртібіне жаңа өзгерістер енгізілді
25 тамыздан бастап Қазақстанда алимент төлемдерін аударудың жаңа тәртібі күшіне енді. Енді алимент алушылар арнайы банктік шот ашып, оның деректемелерін жеке сот орындаушысына ұсынуы қажет. Мұндай шоттағы қаражатқа тыйым салуға және өндіріп алуға жол берілмейді.Алимент ретінде төленетін қаражат баланың қажеттілігіне ғана жұмсалуы тиіс. Қазақстанда алимент алушылар үшін жаңа өзгеріс күшіне енді. Алимент төлемдері енді арнайы банктік шотқа аударылуы тиіс. Осы мақсатта екінші деңгейлі банктен арнайы шот ашып, оның IBAN деректемелерін жеке сот орындаушысына ұсынуарқылы жүзеге асады. Егер банктік деректемелер өзгерсе, бұл туралы жеке сот орындаушысына дереу хабарлау керек. 25 тамыздан бастап алименттерді кәдімгі, яғни қорғалмаған банк шоттарына аударуға болмайды. Облыс бойынша алимент төлеушілер арасынан 3 мың адам жұмыссыз деп танылған. Енді атқарушылық іс жүргізудің барысын азаматтар онлайн режимде бақылай алады. Бұл үшін «AdiletGov» мобильді қосымшасымен біріктірілген «Тараптардың кабинеті» және «Цифрлық ассистент» сервистері жұмыс істейді. Бұл туралы облыстық Әділет департаменті мәлімдеді. Олар қосымша арқылы қажетті ақпарат алып, өтініштерді де қашықтан жолдауға болады. Ал атқарушылық әрекеттердің аудио, фото және бейнетіркеу арқылы жүктеуге болады. Соынмен қатар, сот орындаушылары борышкерді алдағы уақытта тұрғын үйден шығару туралы кемінде 10 күн бұрын хабардар етуге міндетті, дейді департамент басшысының орынбасары. Одан бөлек, әкімшілік айыппұлдарды оңайтылған тәртіппен өндіріп алу шегі 20-дан 40 АЕК-ке дейін ұлғайтылған.
Количество показов: 30
Дата создания: 27.08.2026 09:05:24



















