23 жас сарбаз әскерге аттанды
Облыстық Қорғаныс істері департаментінің жинақтау пунктінің алды лық толы. Бүгін 23 ақтөбелік жас сарбаз Алматы облысына аттанды. Олар Қарасай ауданындағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде борыштарын өтейді. Сарбаздарды әскерилер, ардагерлер мен ата-аналары салтанатты түрде шығарып салды. Биыл 1 мыңға жуық ақтөбелік әскерге аттанады. Отан алдындағы борышын өтеушілерге түрлі әлеуметтік жеңілдік қарастырылған. Атап айтқанда, қызмет барысында және одан кейін екі ай бойы несие төлемдерін өтеу мерзімі кейінге шегеріледі. Оған қоса, үздік сарбаздар ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарына грантқа түсе алады. Әскер тек борыш емес, болашаққа деген мүмкіндік. Ал, жаңа өмірге қадам басқан жас сарбаздар ата-ана үмітін ақтаймыз деген сенімде. Салтанатты жиын соңында сарбаздар ата-аналарымен қоштасып, естелік фотоға түсті. Кейін олар арнайы автобусқа мініп, жолға аттанды.Количество показов: 12
Дата создания: 18.03.2026 06:20:59



















