21 мамыр-Мәдениет және өнер қызметкерлері күні
Елімізде 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Бұл күні - шығармашылық саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегі еленіп, құрметке бөленді. Салт пен сазды қатар алып жүрген өнер майталмандары бүгін салнататты шарадан құр қалмады. Оларға ән де, би де, әдемі кеш те ұйымдастырылды.Шараға мәдениет саласына көп жылдық еңбегі сіңген әрі қаламыздың рухани дамуына зор үлес қосқан құрметті қонақтар шақырылды. Солардың бірі - Бақытгүл Тілепова. Саналы ғұмырын осы салаға арнаған жанның бірі. Биыл зейнетке шығады. Ол қалалық мәдениет үйінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істейді.
Айта кетейік, атаулы күн 2013 жылдан бастап ресми түрде кәсіби мереке ретінде аталып келеді. Қазір облысымызда 473 мәдениет және өнер ұйымы бар. Ал, қаламызда 7 мәдениет үйі және 14 қалалық кітапхана бар. Шара соңы қаламыздың шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концертке ұласты.
Количество показов: 29
Дата создания: 22.05.2025 12:14:07