2026-2030 жылдарға арналған Өңірдің даму жоспарын әзірлеу басталды
Өңірді дамыту мәселесі облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат жиынында қаралды. 2026-2030 жылдарға арналған Өңірдің даму жоспарын әзірлеу басталды. Стратегиялық құжаттың маңызды ерекшелігі - әр аудан үшін жеке даму жоспарларын енгізу. Бұл аумақтардың ерекшеліктерін ескеруге және басымдықтарды нақты айқындауға мүмкіндік береді. Аймақта алдағы 5 жылға арналған Өңірдің даму жоспарын әзірленіп жатыр. 2026-2030 жылдарға арналған Стратегиялық құжаттың ерекшелігі – әр аудан үшін жеке даму жоспарларын енгізу. Бұл аумақтардың ерекшеліктерін ескеруге және басымдықтарды нақты айқындауға мүмкіндік береді. Жаңа тәсіл алдағы бес жылдық кезеңге арналған өңірлік бюджетті қалыптастыруға тікелей әсер етеді. Осыған байланысты аудан әкімдіктеріне талдамалық материалдарды сапалы дайындауға, аумақтардың қажеттіліктері мен әлеуетін бағалауға ерекше назар аудару тапсырылды. Жеке жоспарлар инвестицияларды бөлуге, инфрақұрылымды дамытуға, салалық саясат пен әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға негіз болады. Ал, аймақтың дамуы қалалықтардың көңілінен шығады ма? Құжат мемлекеттік жоспарлаудың тиімділігін арттырып, облыс аудандарының теңгерімді дамуын қамтамасыз етеді деп күтілуде. Өңір басшысы аудан әкімдеріне жеке жоспарларды әзірлеуге мұқият қарауды тапсырды. Алдағы жылдары қандай нәтижелерге қол жеткізілетіні жөнінде нақты түсінік болуы шарт.Количество показов: 6
Дата создания: 03.12.2025 07:41:51



















