2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет бекітілді
Бүгін облыстық мәслихатының кезекті ХХII сессиясы өтті. Жиында облыстың 2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобасымен қатар бірқатар өзекті мәселелер қаралды. 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет бекітілді. Алдағы үш жылдағы шығыстардың жалпы көлемі 1,7 триллион теңгені құрады. Оның ішінде 2026 жылға бөлінгені - 440 млрд теңгеден көп. Бюджеттің негізгі басымдығы - халықтың әлеуметтік әл-ауқатын қорғауға бағытталған. Яғни келесі жылғы облыстық бюджеттің 68%-дан астамы әлеуметтік саланы қамтиды. Негізгі қаржы білім беруге жұмсалады. 4 жаңа мектеп, 1 оқу корпусы, 1 қосымша ғимарат, жаңа мәдениет және өнер нысандары, балабақша-мектеп кешендері салынады. Медициналық қызметтердің сапасын арттыру: дәрі-дәрмек, вакцина, кәсіби даярлық, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын қамтамасыз етуге қаражат бөлінді. Әлеуметтік қолдауға да қаржы бөлінеді. Халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 169 пәтер сатып алу, жалдамалы тұрғын үйді субсидиялау, балаларға, жетімдерге, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға көрсетілетін қызметтер қамтылды. 2026 жылғы даму бюджетіне 58 млрд теңгеге жуық қаржы жоспарланған. Бұл қаражаттың басым бөлігі - бұрын басталған құрылыстарды аяқтауға, инженерлік инфрақұрылым жүргізуге, сумен жабдықтау, газдандыру, жол жөндеу және жаңа әлеуметтік нысандарды пайдалануға беруге бағытталған. Осыған орай депутаттар сұрақтарын қойды.Автожолдар саласы бойынша - 38 жоба аясында жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу - нормативтік жағдайды 85% деңгейіне жеткізу көзделген. Қалалық және аудан ішіндегі жолдарды дамыту - 58% көрсеткішке жеткізу. Сонымен бірге жаңа өрт сөндіру депосы, оңалту орталығы, мәдениет үйлері, спорт ғимараттары, жаңа инженерлік желілер, әуежайдың инфрақұрылымын жаңарту да қамтылды. Экономика, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мал шаруашылығын қолдауға - 4,2 млрд тг; техника паркін жаңартуға - 4,7 млрд тг, өсімдік шаруашылығын дамытуға - 2,5 млрд тг; өңдеу өндірісіне қолдау көрсетуге - 400 млн тг бөлінді. Бюджет жобасы жаңа Бюджет кодексіне сәйкес әзірленіп, тұрақты комиссияларда жан-жақты талқыланған.Количество показов: 11
Дата создания: 11.12.2025 09:22:31



















