20 жастағы келіншектің өліміне кінәлі деп айыпталған гинеколог-дәрігер сотта ақталып шықты
Бүгін №2 қалалық сотта 20 жастағы ақтөбелік келіншектің қазасына кінәлі деп танылған гинеколог-дәрігер ақталып шықты. Іс бір жарым жыл бойы қаралған. Сот материалдарына сәйкес, "Әлия" медицина орталығының бұрынғы қызметкері Ольга Ли-Ко-Шин-Фетер 2019 жылы 14-ші қазан күні 20 жастағы өзінің емделушісіне медбикесімен бірге "жатыр түтікшелерін үру" әдісін жасаған. Ауыр медициналық әдіс алдында емделушіге медбике "Метронидазол" препаратын егуі керек болған. Гинеколог- дәрігері аталған препаратты тағайындағанымен, медбике келіншектің ағзасына 2 мл көлемінде өзге дәрі "Кеторолак" сұйықтығын енгізген. Процедура жүргізілуі барысында 20 жастағы келіншек ота үстелінде көз жұмады. Айыптау материалдарының жеткізіліксіздігіне байланысты судья гинеколог-дәрігерді ақтап, үкім шығарды. "Әлия" медицина орталығына кезекті рет тексеру жүргізілмек.Количество показов: 746
Дата создания: 18.03.2021 19:13:24



















