2 қабатты үй құлағалы тұр
Қалалық тұрғын үй инспекциясының бас маманы Ақнұр Қазыбаева қазір бұл үйді қаладағы ірі құрылыс компанияларының біріне беру мәселесі қарастырылып жатыр деді. Құрылысшылар барақты бұзып тастап, орнына көпқабатты жаңа үй салуы мүмкін. Бірақ, ондағы пәтерлер бұл тұрғындарға тегін беріле ме, жоқ па белгісіз. Бұл үйде сегіз пәтер бар. Жалпы жиналыс жақын уақытта өтуі керек. Онда құрылысшылар мен тұрғындар өз шарттарын айтады. Тараптар бір тоқтамға келсе, құрылыс басталады. Қалада апатты деп танылған 25 үй бар. Проблеманы жою үшін әкімдік былтыр желтоқсанда құлағалы тұрған үйлердің орнына жаңа үйлер салу бағдарламасын қабылдаған. Жоба мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде жүзеге асады. Әкімдік ескі үйлердің орнын құрылыс компаниясына тегін береді. Есесіне, апатты үйлердің иелері пәтерге қол жеткізеді. Бұл амалдың тиімділігі сол - коммуникациялық желілерді қайта тартудың қажеті жоқ. Қазір қаладағы екі үйдің тұрғындарымен жиналыс өтіп, олар құрылысшылардың шарттарымен келіскен.
Количество показов: 1439
Дата создания: 30.01.2018 18:07:46