19 тамыз православ дініндегі маңызды мерекелердің бірі атап өтілді
Бүгін, 19 тамыз - православ дініндегі маңызды мерекелердің бірі - Иса Мәсіхтің өзгеруі. Бұл күні христиандар Иса Мәсіхтің Фавор тауында үш шәкіртінің алдында өзгергенін еске алады. Мереке адамды рухани жаңаруға, ізгілікке, тазалыққа және мейірімділікке үндейді. Осыған орай православ шіркеулерінде мерекелік құлшылықтар өтіп, жамағат жаңа өнімдерді қасиеттеп, мерекені отбасымен атап өтуде.Православ дінін ұстанатын жандар үшін күнтізбедегі кезекті діни мереке келіп жетті. Бұл - аталған жандар үшін ең алдымен ішкі жан дүниесін өзгертуге үндейтін ерекше мереке. Осы күні православ шіркеулерінде мерекелік құлшылықтар өткізіледі. Жамағат шіркеуге келіп, дұға оқып, шам жағып, жақындары мен ел-жұртының амандығын тілейді. Бұл күн Успен посты кезінде атап өтіледі. Бұл күні православ шіркеуінің тәртібі бойынша оразаға белгілі бір жеңілдік жасалып, балық жеуге және шарап ішуге рұқсат етіледі. Ал ет және сүт өнімдерінен бас тарту жалғасады, дейді дін өкілі. Мерекенің тағы бір дәстүрі - жаңа піскен жемістерді шіркеуге әкеліп, қасиеттеу. Сондықтан бұл күн халық арасында "Алма Спасы" деп те аталады екен. Жамағат шіркеуге алма, жүзім және басқа да жаңа өнімдерді әкеліп, оларға бата алады. Дмитрий Соловьевтың айтуынша, бұл мереке әрбір православты христианына ең алдымен өзін өзгерту керектігін еске салады. Олар осы күні көбірек адам өз ойын, сөзін, ісін саралап, жақындарына мейірімді, кешірімді әрі жанашыр болуға ұмтылуы керек деп санайды.
Количество показов: 10
Дата создания: 20.08.2026 07:50:19



















