180-нен астам сарбаз әскери ант қабылдады
Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институттында дайындықтан өтіп жатқан мерзімді қызметтегі 180-нен астам сарбаз Отан алдында адал болуға ант берді. Сенбі күні Орталық саябақта өткен әскери шараға шенділер, ардагерлер мен сарбаздардың ата-аналары қатысты. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген бозбалалар аәскери форма киіп, сап түзеді. Жас сарбаздар үшін бұл — жауапкершілік пен патриоттық рухтың маңызды сәті. Әскер қатарына қабылданған жасөспірімдер арасында бір әулеттің үш ұлы бар. Қатардағы үш бауыр Әлімжан, Ислам Қазбековтер мен немере інілері Дамир Өлмесек. Үшеуі де қала тұрғындары, бір шаңырақ астында өскен. Олар бірге алғашқы әскери дайындық курсын өтіп, бір сапта ант қабылдады. Армандары әкелерінің жолын қуып, әскери болу. Ант қабылдауға дейін жас сарбаздар әскери дайындықтың қарқынды базалық курсын өтті. Саптық және атыс дайындығын меңгеріп, әскери жарғыларды, қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларын оқыды, сондай-ақ дене дайындығының деңгейін арттырды. Әуе қорғаныс күштері әскери институтына қабылданған қызметкерлер бес ай бойы кіші авиациялық мамандықтар бойынша оқудан өтеді. Курстан кейін олар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің авиациялық бөлімдеріне әскери қызметін жалғастыруға жіберіледі.Количество показов: 29
Дата создания: 17.06.2025 10:29:06