18- мамыр Халықаралық ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні
Медицина ғылымы ай санап емес, күн санап дамып келе жатқан сала. Күрделі ауруларды емдеудегі жаңа тәсілдер мен технологиялар үнемі жетілдіріліп отырады. Соған қарамастан, адамзатты отыз жылдан бері әбігерге түсіріп келе жатқан ЖИТС-ке қарсы ем табылмай тұр. Бұған адамның өзі жауапты, дейді мамандар. Себебі, ауруды жыныстық қатынас арқылы жұқтырғандар күрт көбейген. ЖИТС орталығының мамандары түсіндіру шараларын күшейтті. Студенттер, жасөспірімдермен кездесулер өткізіп, қоғамдық жерлерде тұрғындарды экспресс тесттен де өткізіп жүр.Бұдан бөлек, сауна сынды демалыс орындарына барып, түсіндірме жүргізеді. Дәрігерлер АИТВ/ЖИТС дертін ұлттық тәрбие, саналы ұрпақ тәрбиелеу арқылы жеңе алатынымызды айтады.Өңірде ЖИТСке шалдыққан 548 адам тіркеулі. Алғашқы 4 айдың ішінде дұл кесел 24 адамнан анықталған. Дені жыныстық қатынас арқылы. Олардың жасы 18 бен 60 тың аралығында.
АИТВ мен өмір сүретін 47 адамның бір мезгілде "С" гепатитін жұқтырған 70% - дан астамы гепатоцентрлер арқылы кешенді ем алуда. ЖИТС орталығында АИТВ және "В" гепатиті бар пациенттерге бір мезгілде екі вирусқа қарсы арнайы ем беріледі. Бұл терапия тиімді, дейді мамандар. АИТВ ны тежей отырып, В гепатитін де емдейді. Айта кетейік, ЖИТС пен АИТВ ны анықтау тегін. Тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша емханада немесе ЖИТС орталығында анонимді түрде тексеріле аласыз.
Мамандардың айтуы бойынша татуировка, пирсинг, маникюр, педикюр жасатқан кезде неғұрлым сақ болып, инелердің залалсыздандырылуына айрықша мән беру қажет.
Егер анасында вирус болса, жүктілік және босанған кезде анадан балаға жұғатыны белгілі. Осы орайда елімізде жүкті әйелдерді АИТВ-жұқпасына жүйелі түрде тексеру ұйымдастырылған. Сырқаттың жыныстық жолмен берілу үлесі артып отыр. Негізгі себебі- кездейсоқ жыныстық қатынас. Вирустан сақтанудың бірден-бір жолы-интимдік қарым-қатынас кезінде қорғану. Ойланбай жасалған әрекетіңіз күтпеген зардаптарға әкелуі мүмкін.
Количество показов: 14
Дата создания: 17.05.2025 11:47:44