16 мыңнан астам балаға әлеуметтік көмек көрсетіледі
16 мыңнан астам бала. Биыл облыста дәл осынша оқушыға жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Бұл мақсатқа 817 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Бір балаға берілетін көмек көлемі - 50 мың 861 теңге. Қаржылай және материалдық көмек ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім өзге де санаттағы балаларға көрсетіледі. Аталған қаржы мектеп формасын, аяқ киім мен оқу құралдарын сатып алуға бағытталады. Ал ата-аналар қаражаттың мақсатты жұмсалғанын растайтын құжаттарды 10 жұмыс күні ішінде мектепке өткізуі тиіс. Көмек алу үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер білім беру ұйымының басшысына өтініш пен қажетті құжаттарды тапсыруы қажет. Өтініш үш жұмыс күні ішінде қаралып, шешім қабылданады. Құжаттары толық болған жағдайда қаражат ата-ананың есепшотына аударылады. Қосымша ақпаратты облыстық білім басқармасының 74-76-23 сенім телефоны немесе Call-орталығы арқылы алуға болады.Количество показов: 10
Дата создания: 10.07.2026 08:10:53



















