150 оқушыға есептелген ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған мектеп ашылды
Қаладағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған облыстық арнайы мектептің жаңа корпусы пайдалануға берілді. Заманауи ғимарат 150 оқушыға есептелген. Мұнда балалардың білім алуымен қатар, әлеуметтік ортаға бейімделуіне де жағдай жасалған.Қалада енді облыстық арнайы мектептің жаңа корпусының есігі оқушылар үшін айқара ашық. Жаңа ғимараттың жалпы құрылыс аумағы 1 мың 498 шаршы метрден астам аумақты құрайды. Мамандардың айтуынша, мұнда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуына қажетті жағдайдың барлығы қарастырылған. Қазір мектепте 387 бала білім алады. Оның 107-сі үйден оқытылады. Білім ордасында зияткерлік дамуы жеңіл және орташа деңгейде бұзылған балаларға арналған екі арнайы білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады. Жаңа корпус мектептің мүмкіндігін кеңейтіп, оқушыларға қолжетімді әрі жайлы білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұнда оқу үдерісімен қатар, балалардың жан-жақты дамуына, әлеуметтенуіне және ортаға бейімделуіне басымдық берілмек. Жаңа корпустың іске қосылуы арнайы мектептегі орын тапшылығын азайтып, оқушыларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алып, қоғамға еркін бейімделуіне жол ашылмақ.
Количество показов: 11
Дата создания: 01.09.2026 09:15:30



















