15-қараша Ұлттық валюта күні.
Биыл ұлттық теңгеміздің қолданысқа енгеніне 30 жыл. Атаулы датаға орай бүгін "ҚР Ұлттық Банкі" АҚ Ақтөбе филиалының ғимаратында мерекелік шара өтті. Салтанатты шараға зейнеткерлер, екінші деңгейдегі банктердің, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және "Қазпошта" АҚ басшылары мен қызметкерлер қатысты.Айгүл Калимурзина "ҚР Ұлттық Банкі" АҚ Ақтөбе филиалының ардагері. 40 жылдан астам Ұлттық банк Ақтөбе филиалы орталығында жұмыс жасады. 1993 жылдан бастап, яғни ұлттық теңгеміздің қолданысқа енгенінен бастап қызмет етті. 30 жылдық тарихы бар теңгеміз туралы тың деректермен бөлісті.Сондай - ақ, екінші деңгейдегі банк қызметкері мен бірыңғай жинақтаушы қоры, "Қазпошта" АҚ басшыларына, Ұлттық банктің Ақтөбе филиалының 8 қызметкеріне, екінші деңгейдегі банктердің 30 қызметкеріне ҚР Ұлттық банкінің Ақтөбе филиалы директоры атынан алғыс хаттар табыс етілді.
Количество показов: 534
Дата создания: 13.11.2023 23:25:26














 
 
    




 
 