14-қараша дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні
14 қараша - дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні. Атаулы датаға орай бүгін қаламыздың бірқатар емханаларында ашық есік күні өтті. Дәрігерлер емханаға келушілердің қанын, артериялық қысымын тексеріп, шағымдарын тыңдап, кеңестерін және қажет болған жағдайда дәрігерге нұсқамаларын берді. Ашық есік күні бүгін қаламыздың №3 емханасында да өтті. Қант диабеті – әлем бойынша таралуы кеңейіп бара жатқан созылмалы аурулардың бірі. Сол себепті де 1991 жылы Халықаралық диабет федерациясы ДДҰ-мен бірлесіп 14 қараша – дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні деп бекітті. Қант диабеті – бұл созылмалы патология, онда метоболизмнің бұзылуы, ең алдымен көмірсулардың бұзылуы орын алады. Негізінен қант диабетімен ауыратын адамдардың көпшілігінде бастапқы уақытта ешқандай белгілер байқалмайды. Сондықтан, медицина мамандары қант диабеті белгілерінің жалпы көріністеріне мұқият болуға шақырады. Мәселен, айқын шөлдеу, зәр шығарудың жоғарылауы, жиі аштық сезімі мен көздің бұлыңғыр көруі, дене салмағының төмендеуі, тез шаршау мен әлсіздік және терінің қабынып, зақымдануынан кейін емдеудің қиын жүргізілуі аурудың белгілері болып отыр. Балалар арасындағы қант диабетінің алдын алу үшін дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстанып, ұйқы мен демалыс режимін дұрыстау маңызды,- дейді ақ халаттылар. Тек қаламыздың №3 емханасында қант диабетімен 1 400 адам есепте тұр. Оның 400-і балалар. Дәрігерлердің айтуынша, есепте тұрғандар дәрі-дәрмек пен емді уақытында алып тұрады.Количество показов: 21
Дата создания: 15.11.2025 08:14:31



















