Ақтөбеде бүгін 13-ші ұлттық Дельфий ойындарының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Балалар театр және эстрадалық ән, домбыра мен қобыз, бейнелеу өнері секілді он номинацияда өнерлерін ортаға салды. Әр аталымның үздіктері дельфий ойындарының республикалық сатысына жолдама алды. Талай сахнаның көркі болған "Қызыл орамалды шынарым" қойылымы көрермендермен тағы бір мәрте қауышты. Қырғыздың атақты жазушысы Шыңғыс Айтматовтың белгілі спектаклін бүгін Дельфий ойындары аясында Бәйішев университетінің "Алаш" студенттік театры қойды. Ілиястың рөлін театр жетекшісі Қаршыға Ғалымжанов сомдаса, Әселдің рөлін Айжан Досова ойнады. Қойылымның ықшамдалған нұсқасын студенттік театр ұжымы үш күн дайындаған. "Театр" номинациясы Дельфий ойындарына биыл бірінші рет енгізілген. Бәйішев жастарынан бөлек, актерлік шеберлікті қалалық оқушылар сарайының өз театры және "Медиа-про" орталығының балалар театры байқап көрді.
Дельфий ойындарының іріктеу кезеңі бір мезетте тағы екі өнер ордасында өтті. Балалар №1 музыкалық мектепте домбыра, қобыз, баян, фортепиано, академиялық және халық әнін орындаудан сынға түссе, қалалық көркемсурет лицейінде бейнелеу өнері және сәндік-қолданбалы өнер аталымдары бойынша шеберліктерін ортаға салды.
Количество показов: 1768
Дата создания: 05.06.2017 18:40:59
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>