1200-ден астам оқушы білім додасына қатысып жатыр
Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. Өңірдің 12 ауданынан келген оқушылар өзара бақ сынасып жатыр. Сайысқа аймақтағы 249 білім беру ұйымынан 1275 оқушы қатысып отыр. Оның ішінде 896 оқушы қазақ тілінде білім алады. Барлығы жалпы білім беретін мектептердің 9-11 cынып оқушылары. Білім сайысы №51 гимназия мен №56 жалпы білім беретін орта мектепте өтіп жатыр. Облыстық кезеңнен үздік шыққандар республикалық кезеңге жолдама алады. Олимпиада барысында академиялық адалдық қағидаттары қатаң сақталған. Жарыстың әділетті өтуі үшін тәуелсіз бақылаушыларда жұмылдырылыпты. Қазылар алқасы да өз бағаларын береді. Сонымен қатар бәйге барысы Ютуб платформасында тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. Мұндай формат оқушының жауапкершілігін арттыруға, қоғам сенімін нығайтуға бағытталған. Осындай ауқымды білім сайыстары дарынды оқушыларды анықтап, білімге деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар білім сапасында арттыруға өз септігін тигізеді. Ал, білім додасы ертең аяқталады. 8 қаңтарда - апелляция өтеді.Количество показов: 14
Дата создания: 07.01.2026 09:09:31



















