1200 ақтөбелік әскер қатарына қосылады
Аймақта күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. 1200 жас әскер қатарына алынады. 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар Қарулы күштер, Ұлттық ұлан, Шекара қызметі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің қатарын толтырады. Биылғы әскерге шақырудың жаңа тәртібі енгізілді. Енді SMS-хабарламалар арқылы жеткізілген шақырулар ресми түрде заңды ескерту әдісі болып табылады. Одан бөлек, EGOV порталы арқылы да хабарлама келеді. Әскерге барушылар үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Несиесі бар сарбаздарға «несиелік демалыс» үзілісі де қарастырылған. Қызмет ету мерзімі барысында төлем 14 айға кейінге шегеріледі. Одан бөлек Отан алдындағы борышын абыроймен аяқтағандар жоғарғы оқу орнына жеңілдікпен түседі. Үздік жауынгерлерге ҰБТ-сыз тегін оқу мүмкіндігі беріледі. Аймақта биыл «Срочники 2» жобасы арқылы білім гранттарын иеленген 84 сарбазға сертификат табысталған. Ал, әскери қызметтен жалтарғандар қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әскерге шақыртылып, бірақ барудан негізсіз жалтарған азаматтар 1 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл арқалайды. Болмаса сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 400 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Тіпті, 1 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеліп немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әскери қызметтен босатылу немесе кейінге қалдыру шарттарына отбасы және денсаулық жағдайлары, білім алуды жалғастыру секілді басқа да себептер кіреді. Әчкерге шақырту науқаны жыл соңына дейін жүреді.Количество показов: 47
Дата создания: 04.09.2025 08:26:02