11-сынып мектеп түлектері аттестат алды
Қадамыңды анық бас, жас түлек. Мектеп қабырғасындағы ең жарқын сәттердің бірі-атестат табыстау рәсімі. Бүгін мыңдаған түлектер 11-жыл оқыған мектебімен қимай қоштасып, соңғы рет оқушы ретінде білім мерекесіне қатысуда. Бұл күн олар үшін үлкен өмірге қадам басқан ерекше сәт ретінде мәңгі есте қалмақ.Бүгін №51 мектеп гимназияда түлектерге салтанатты түрде атестаттары табысталды. Білім бөлімі басшысы түлектерге оқушы құжатын өз қолымен табыстап, оқушыларға сәттілік тіледі. Қуаныш пен толқуға толы айтулы күнде ұстаздар, ата-аналар мен білім басқармасының өкілдері оқушылардың жетістігіне куә болып, оларға сәт сапар тіледі.2025-2026 оқу жылында өңірде 15 мыңнан астам оқушы тоғызыншы сыныпты тәмәмдады. Оның 1601-і үздік атестатты иеленді. Ал, толық орта білімді аяқтап шыққандар саны 11 099 оқушыны құрайды. Олардың қатарында 816 түлек Алтын белгі иегері атанса, 719 түлек қызыл атестатқа қол жеткізді. Мерекелік жиын барысында үздік оқушылар марапатталып, түлектерге ақ жол тілеген құттықтаулар айтылды. 11 жылды үздік аяқтап, алтын белгі алған оқушылар да өз қуаныштарымен бөлісті. Мектеп бітіру тек мейрам ғана емес, үлкен жауапкершілік артып, арманға қадам басатын шақ. Боямасыз балалық шақ, оқушы кезеңнен өзіндік шешім қабылдауға, маман атануға бет бұратын кезең. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер бүгін қолдарына басты құжатын алып, үлкен өмірге жолдама алды. Алда үлкен өмір. Сондықтан түлектердің әрқайсысы өз жолын тауып, кірпішін қалауы бүгіннен басталады.
Количество показов: 22
Дата создания: 19.06.2026 08:22:41



















