11-шағын аудан тұрғындары аудандағы санитарлық тазалыққа көңілдері толмайтынын айтады
11-шағын аудан тұрғындары ауладағы тазалық мәселесіне алаңдаулы. Дауылдан кейін құлаған ағаштар толықтай жиналмаған. Қоқысты арнайы орынға төкпегендіктен кей жерлерде қоқыс үйінділері де пайда болған. Шаһардағы 11 шағын ауданының тұрғындары аула аумағындағы тазалық мәселесі көңіл көншітпейтінін айтады. Айтуларынша, қоқыс уақытында алынбайды. Көпқабатты үйдің барлық пәтері күніне 1 рет қоқыс шығарғанның өзінде, контейнерлер үйіліп, тау болып қалады,- дейді олар. Кейбір аулаларда тұрмыстық қалдықтар жиналып, қоқыс үйінділері пайда болған. Ал жуырда болған дауылдың кесірінен құлаған ағаштар әлі күнге дейін толықтай жиналмаған. Тұрғындардың айтуынша, аталған мәселелер жаяу жүргіншілерге қолайсыздық тудырып қана қоймай, балалардың қауіпсіздігіне де әсер етеді -дейді. Тазалық пен қауіпсіздік- әрбір адам үшін маңызды мәселе. Тұрғындар комуналдық қызметтер тарапынан тазалық жұмыстары күшейтіліп, аула аумақтары ретке келтіріледі деген үмітте. Ал қоқысты дұрыс тастамау – айыппұлға әкелетінін тұрғындар естен шығармаған жөн. Үйдің алды тұрмақ, көшеге қоқыс, темекі тұқылы немесе өзге де қалдықтарды тастағаны үшін жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Қоқысты белгіленбеген жерге тастау, яғни абаттандыру қағидаларын бұзу жағдайында жауапкершілік одан да қатаң. Аталған нормаға сәйкес, жеке тұлғаларға ескерту немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Бұл шамамен 86 мың теңгені құрайды. Қазір көпшілік қоқыс тастайтын жерлерге құқықбұзушылықтың алдын алу үшін бейнекамералар қойылған. Әйтсе, тұрғындар тарапынан бұзушылықта азаймай отыр.Количество показов: 18
Дата создания: 27.06.2026 07:48:09



















